Bugin

Алматыда жоғалып кеткен қыздың сүйегі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: polisia.kz

Алматы облысында адам сүйегі табылды. Полиция оның үш жастағы қызға тиесілі болуы мүмкін екенін анықтап отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Адам сүйегінің табылғаны туралы 2024 жылдың 22 шілдесінде Еңбекшіқазақ ауданының полициясы хабарлады. 

"Сот-медициналық және генетикалық сараптамалар тағайындалып өткізілуде", - деп жазды полиция полковнигі Бауыржан Әленов.

Айта кетейік, 17 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында үш жастағы Айя-София есімді қыз жоғалып кеткен.