Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Алматы облысында 19 баланы заңсыз тәрбиеленіп жатқан жасырын медресе табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен Қарасай ауданының прокуратурасы "Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" жобасы аясында құқық қорғау және уәкілетті органдармен бірлесіп, 19 бала заңсыз тәрбиелеп жатқан медресені анықтады.
"Тәжікстанның тумасы жеке үйдің аумағында араб жазулары бар діни әдебиеттерді пайдаланып, балаларға сабақ берген. Тексеру барысында 179 дана діни әдебиет, сондай-ақ ұялы телефон мен ноутбук тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Кінәлі тұлғаны заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатыр", - деді прокуратурадан.
Медреседегі шәкірттер ата-анасына қайтарылды.