Bugin

Ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдайдан соң бір адам көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: smi24kz

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытының күйік шалған қызметкері қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

 YDD Corporation ферроқорытпа зауытында 8 жұмысшы өте ауыр және ауыр күйік жарақаттарымен жараланған болатын. Науқастардың өміріне алаңдаған басшылық Түркия мен Ресейден арнайы мамандар алдырған.

"Дәрігерлер қанша тырысқанмен, Қарағанды ​​ферроқорытпа зауытының зардап шеккен жұмысшыларының бірін аман алып қала алмады. Осы уақыт бойы жағдайы өте ауыр болған, денесінің 85 пайызын терең күйік шалған 1993 жылы туған науқас қайтыс болды. Марқұмның жақын туыстарына шын ниетпен көңіл айтамыз", – делінген Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.