Bugin
Фото: Бейнеден скрин
Әйел Қапшағайда костюммен суға түскен. Ол бұл әрекетін педагог әдебімен байланыстырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ulysmedia сайтына сілтеме жасап.
Ол видеода өзінің педагог екенін айтқан.
"Мен Қапшағайда жүрмін. Мен – педагогпын. Маған купальникпен шомылуға болмайды. Мен костюммен түстім. Мен ешқашан өзімнің педагог екенімді ұмытпауым қажет. Мен қай жерде болсам да – педагогпын!" – дейді ол.