Bugin

Қазақстанның басым бөлігінде 40 градусқа дейін ыстық болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Синоптиктер бүгін, 23 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық болатынын ескертті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мамандардың мәліметінше, Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада күндіз найзағай күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. 

Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. 

Алматыда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады.

Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.