Bugin
Фото: freepik.com
Астана қаласының тұрғыны 14-ші қабаттан секірмек болып, жұбайын қорқытқаны үшін 15 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, сот отырысы барысында азамат мас болғанын және жұбайын қорқытқысы келгенін айтқан.
"Сот қаулысымен азамат ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Ер адам кінәсін мойындады.