Bugin

“Қайтыс болған”: Қомақты қаражат жымқырған 21 бухгалтерге сот үкімі шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Бюджеттен 4,5 млрд. теңге жымқырған 21 бухгалтерге үкім шықты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Жетісу соттарына сілтеме жасап.

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырған, заңсыз заңдастырған, қызметтік бабын заңсыз пайдаланған Талдықорған қаласы білім бөлімінің және мектептерінің 21 бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Олар 3 жыл бойы қылмыстық топ ұйымдастырған.

Ұйымдасқан топ алдын ала сөз байласу арқылы жалған жұмыскерлерге және мектеп қызметкерлеріне белгіленген лауазымдық жалақыларынан тыс жалақы есептеу арқылы 4,5 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған.

"Қылмыстық істің бас фигуранттары С., М., Н. 12 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 15 сотталушы 7 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 2 сотталушы келтірілген залалды толық өтеуіне байланысты ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігі 2) тармақшасы бойынша шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бір бухгалтерге қатысты қылмыстық іс оның қайтыс болуына байланысты ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды", - делінген хабарламада. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.