Bugin

Алматы облысында өзеннен әйел адамның денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @roso_kazakhstan

Алматы облысындағы Қаскелең өзенінен әйел адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы roso_kazakhstan инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

Кеше, 22 шілдеде құтқарушылар Қаскелең өзенінен әйел адамның денесін алып шықты.

Куәгерлердің айтуынша, әйел адам өзенге құлап, өзен ағысы қатты болғандықтан шыға алмай қалған.

Әйел адамның мәйіті болжамды құлау орнынан 1,5 шақырым қашықтықта табылды.