Bugin

Көшеде пышақ жарақатын алған павлодарлық тұрғын қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Пышақ жарақатын алған 35 жастағы павлодарлық қаза болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Павлодар-Онлайн" сайтына сілтеме жасап.

Зардап шеккен тұрғын ауыр халде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмаған.

"20 шілдеде сағат 04.34-те Мәшхура Жүсіп пен Лермонтов көшелерінің қиылысында зардап шеккен 35 жастағы ер адам болып, кеуде тұсынан пышақ жарақатын алғаны туралы шақырту түсті. Ер адам Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық ауруханасына өте ауыр жағдайда жеткізілді", - деді облыстық жедел жәрдем станциясы өкілдері.

Денсаулық сақтау басқармасы ер адамның клиникалық өлім жағдайында жеткізілгенін растады.