Bugin
Фото: Бейнеден скрин
Ер адам мас күйде мешітке барып, телефон ұрлаған. Оқиға Шымкент қаласында болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ер адамның ұрлық әрекеті бейнебақылау камерасына түскен.
"Полиция оны мас күйінде кезекті рет ұрлық жасаған кезде ұстады. Тәртіп сақшылары телефондарды заңды иелеріне қайтарды", - деді Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы Бағлан Исатаева.
Қазір ұсталған ер адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.