Bugin

Танымал блогер кітапты тек кедей адамдардың оқитынын айтып, жұртты ашуландырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: yandex.kz

Блогер, коуч Ақбота Әнуарбек желідегі парақшасында бейне жариялады. Онда коуч кітапты тек кедей адамдар тобы оқитынын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ұлысмедиаға сілтеп.

“Кітапты кедей адамдар оқиды. 7-8 мыңға бизнес кітап аласың. Бір айдың ішінде оқып боласың. Дәл сол ақпаратты сен консультация алып, маманнан, эксперттен 2 сағаттың ішінде біліп аласың. Тісің ауырып тұрғанда кітап оқып отырмайсың ғой. Дәрігерге барасың. Ақшадан жаның қиналған кезде, бизнесің жүрмей бара жатқан кезде нәтижесі бар адамнан сұрашы, ақшасын төлеші, 100 мың бола ма, 300 мың бола ма, сонда бірден нәтиже аласың”, – деді ол.

Желі оқырмандары да "кітапты тек кедей оқитыны нес?", "мына кісі не айтып отыр?" деп пікір білдіріп жатыр.