Bugin
Фото: freepik.com
Кеше, 23 шілде күні Павлодарда 12 жастағы оқушының босанғаны туралы хабарлаған едік. Бұл оқиғаға қатысты тың дерек шықты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиға өңірдегі Шарбақты ауданында болған. Қыздың жүктілігі туралы бірінші болып мұғалімдер білген. Мұғалімдер оқушы қыздың бойындағы өзгерісті байқап, ата-анасына хабарлаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімді зорлады деп оның туысы, жергілікті колледж студенті күдікке ілінді. 12 жастағы оқушы қыз баланы дүниеге әкелді.
"Жүктілік фактісін мектеп әкімшілігі оқушы көктемгі каникулдан оралғаннан кейін анықтады. Содан кейін ақпарат тиісті органдарға берілді. Бойжеткен мен оның анасы дереу ауруханаға жеткізілді. Науқас облыстық перинаталдық орталыққа 19 шілдеде түсіп, 20-сы күні босанған. Ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Қазіргі уақытта Шарбақты ауданының ішкі істер органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", - деді Павлодар облысының білім басқармасы.
Оқушы қыздың өзі атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан.