БІЛІМ
Фото: qazaqstan.tv
Махаббат - әлемдегі ең ұлы сезім. Ешқандай адам сезімсіз өмір сүре алмайды. Тіпті "махаббатсыз дүние бос" деген пікір де осыдан қалған болса керек.
Bugin.kz оқырмандарына қазақ тілінде жазылған махаббатқа туралы кітаптарды ұсынамыз.
Әзілхан Нұршайықов, "Махаббат қызық мол жылдар". Бұл туынды 1970 жылы жарық көрген. Шығармада соғыстан қайтып, оқуға оралған Ербол мен Меңтайдың махаббаты, студенттік өмірі баяндалады.
Сәбит Мұқанов, "Мөлдір махаббат". Бұл роман да соғыстың ауыр кезеңінде бүршік атқан мөлдір махаббатты бейнелейді. Бүркіт есімді ер адам мен еркекшора Бәтес арасында махаббат ұшқыны болады.
Ілияс Есенберлин, "Ғашықтар". Оқиғада екі жас туған күн кешінде танысып, артынша махаббат өрбиді. Мүсін өнерінің қыр-сырын жетік білетін жас жігіт өз қиялындағы аруды тапқандай болып қосылғанда, тағдыр оларды екіге бөліп жібереді. Оқиға соңы оқырманға жұмбақ болып қалсын.
Әзілхан Нұршайықов, "Мәңгілік махаббат жыры". Бұл туындыда жазушы әйелінің бар жақсылығын айтып, мақтайды. Осы шығармадан Әзілхан аға мен Халима жеңгейдің мәңгілік махаббатын байқауға болады.