Bugin

Шымкентте полиция подполковнигі анасын ұрған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Шымкентте полиция подполковнигі анасын ұрамын деп, жұмыстан шығып қалды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Полиция подполковнигі анасына қол көтеріп, денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген. 

Сот отырысында полицейдің анасы ұлы қол көтергенін растаған. Ал тәртіп сақшысы ашу үстінде анасын ұрғанын мойындап, кешірім сұраған.

Сот шешімімен полиция қызметкері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза ретінде ескерту берілді. Сот шешімі шыққан соң полиция подполковнигі жұмыстан босатылды. 

"Аталған жайтқа қатысты іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған. Сонымен қатар қызметтік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесіне сәйкес полиция қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды", - делінген полиция мәліметінде. 

Тәртіп сақшысы қалалық полиция департаментіне қарасты Жедел басқару орталығының инспекторы қызметін атқарған.