Bugin

Бортта 19 адам болған ұшақ апатқа ұшырады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Непал астанасы Катмандудағы Трибхуван әуежайында бортта 19 адам болған ұшақ апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы My Republica сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, Sourya Airlines ұшағы жергілікті уақыт бойынша шамамен таңғы сағат 11-де ұшып шықпақ болған кезде құлаған. Катмандудан Покхараға бет алған ұшақта барлығы 19 адам болғаны хабарланды.

Борттағы адамдардың жағдайы туралы нақты ақпарат әлі айтылған жоқ.