Bugin

Өскеменде жеті жастағы бала жоғалып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @osa_news_vko

Өскеменде Богдан есімді жеті жастағы бала жоғалып кетті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы osa_news_vko  инстаграм парақшасына сілтеме жасап. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ол 23 шілдеде серуендеуге шығып, үйіне оралмаған.

Ол 23 шілдеде "Самал" қалалық саябағына барған. Содан кейін із-түзсіз жоғалған. Бала серуенге кеткенде қызыл футболка, көк шолақ шалбар, қара аяқ киімде болған. 

Құтқарушылар мен полиция өкілдері бүлдіршінді іздеп жатыр.