Bugin

Семейде тұрғын судьяны қорлаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Семей қаласының №2 сотында судьяны қорлап, сотты құрметтемеген сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Жоғарғы сотқа сілтеме жасап. 

Сотта сотталушы ашық сот талқылауында сот актісін жариялау және оның мәнін түсіндіру кезінде соттың апелляциялық үкімімен келіспей, судьяның атына, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлай отырып, әдепсіз сөздер айтқан. Сотталушының кінәсі оның мойындау айғақтарымен, сотталушының сөзінде ар-намыс пен қадір-қасиетті әдепсіз түрде қорлау белгілері расталған сот психологиялық-филологиялық зерттеудің қорытындысымен дәлелденді.

Қылмыстық кодекстің 410-бабы 2-бөлігінің санкциясы 200АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұлды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарды не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды көздейді.