Bugin
Фото: freepik.com
"Қазгидромет" РМК 2024 жылдың 25-27 шілдесі аралығында еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Астанада:
25 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыста, оңтүстік-шығыста түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +30+32°С;
26 шілде – көшпелі бұлт шығады, кей уақытта – жаңбыр, күн күркіреп, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +26+28°С;
27 шілде – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +26+28°С.
Алматыда:
25 шілде – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +21+23°C, күндіз қатты ыстық +33+35°C;
26 шілде – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +22+24°C, күндіз қатты ыстық +35+37°C;
27 шілде – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +22+24°С, күндіз қатты ыстық +36+38°С.
Шымкентте:
25 шілде – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +21+23°C, күндіз қатты ыстық +38+40°C;
26 шілде – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +23+25°C, күндіз қатты ыстық +39+41°C;
27 шілде – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +23+25°С, күндіз қатты ыстық +39+41°С.