Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: freepik.com
Шығыс Қазақстан облысында жасөспірім сотталды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы облыстық сотқа сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлімі бойынша айыпталған кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сот мәліметінше, 2023 жылғы 20 тамыз сағат 07:30 шамасында кәмелетке толмаған жасөспірім Омбы – Майқапшағай тасжолында әкесіне тиесілі FAW маркалы автокөлігін жүргізіп келе жатып, Nissan Prairie маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан әйел адам қаза болып, ал қалған жолаушылар әртүрлі жарақат алған.
Сотталушының кінәсі сараптамалардың қорытындыларымен, куәгерледің айғақтарымен және іс материалдарымен расталды.
Жасөспірім 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61