Bugin

2 әйелі жасырған: туған қыздарын зорлап келген ер адамнің ісі елдің жағасын ұстатты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Алматы облысында туған қыздарын жылдар бойы зорлап келген азғын әкеге қатысты резонанстық қылмыстық іс аяқталды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Белгілі құқық қорғаушы Ләззат Рақышева бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Азғын әке туған қыздарына 10,16 жасынан бастап азғындық көрсетіп келген.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өзінің екі туған қызына жыныстық зорлық жасады деп айыпталған Ахмет Цулаевты 25 жылға бас бостандығынан айырды.

"Соттан шыққанда екі қыз аспанға қарап жылады. "Аллаға рақмет" деді. Ал туған шешелері артынан атып шығып, екі қызды қарғап жатты", - деп жазды Ләззат Рақышева. 

Ер адамның 2 әйелі қыздарының зорлық көріп жүргенін білсе де, ешкімге хабар бермеген.