Bugin

Өскеменде мамырда жоғалып кеткен жігіттің жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: volonteri_almaty_lider.kz

Өскеменде жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт өлі күйде табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы еріктілер хабарлады. Ақпаратты Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады. 
Белгілі болғандай, 21 жастағы Жандос Баянов осы жылдың 15 мамырында Өскемендегі АДК аумағында жоғалып кеткен.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, полицейлерге Прапорщиково ауылының шетіндегі Ертіс өзенінің арнасынан жігіттің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Марқұмның денесінде көзге көрінетін жарақаттар анықталмаған.