Bugin
Фото: freepik.com
Кеше, 24 шілдеде жекеге тиесілі техникалық жөндеу орталықтарының бірінде 27 жастағы жұмысшы қаза болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Атырау облысы ПД мәліметінше, жұмысшының өлім фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген.
"Атырау қаласындағы мекемелердің бірінің жұмысшысының өлім фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу шаралары қолға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Полиция тергеу жүргізіліп жатқандықтан қайғылы оқиғаның мән-жайына қатысты толық ақпарат берген жоқ.