Bugin

Алматы облысында жоғалған 45 жастағы ер адамның жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Алматы облысының тауларында турист құтқарылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, Қарасай ауданының тауларда адасып кеткен 45 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілген.

“Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Қабылданған шаралармен іздестіру тобы ер адамды “Известковое” шатқалының жанынан тапты”, - делінген хабарламада.

Туристке медициналық көмек қажет болмаған.