Bugin
Фото: freepik.com
"Отбасы банк" өкілдері зейнетақы қорындағы қаражатты тіс емдеу үшін пайдалануға тыйым салынып жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Жалпы 4 жылдың ішінде 25 стоматологиялық клиника 63 млн теңге салық төлеген. Ал көрсетілген қызмет құны 91 млрд теңге болған.
Бұдан бөлек, кейбір клиникалар күніне 70-тен астам клиентке қызмет көрсеттік деп есеп берген. Күмән келтіретін фактілердің ішінде 21 жастағы азаматқа "тісі мүлдем жоқ" деген диагноз қойылған.
Осыны негізге алған бірыңғай оператор Денсаулық сақтау министрлігіне шара қолдануды сұраған. Министрлік 10 тамыздан бастап 2025 жылдың 1 ақпанына дейін стоматологиялық қызметке бөлінген қаражатты пайдалануды уақытша тоқтатуды жоспарлап отыр.