Bugin
Фото: freepik.com
30 жастағы спортшыны Парижге барар жолда тонап кетті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
BMX-фристайлынан Олимпиада чемпионы аустралиялық Логан Мартин инстаграм желісіндегі парақшасында Париждегі байрақты бәсекеге аттанар жолда оның фургонын тонап кеткенін хабарлады.
"Біздің фургонды түнде бұзып кетті. Қуанышымызға орай, заттарымыздың көп бөлігін бөлмеген қалдырып кеткен болатынбыз, оның үстіне біраз затты қайтарып алдық. Мен әмиянымнан, рюкзактарымнан және тағы бірнеше затымнан айырылдым, бірақ бәрі ойдағыдай", - деп жазды Логан Мартин.
Еске салайық, бұған дейін тауда жоғалған 45 жастағы ер адамның жағдайы туралы хабарлаған едік.