Bugin

Майқайыңдағы апат: соңғы адамның денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @asaiyn.baikhanov

Павлодар облысындағы автобус апатынан кейін жоғалған соңғы құтқарушының денесі табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Облыс әкімі Асайын Байханов инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында Айып Тілеубергеновтің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"Марқұмға иман байлығын берсін. Бүгін сағат 16.20-да "Майқайың-алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде соңғы құтқарушы – жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі табылды. Қайғылы оқиғадан кейін жеті ай уақыт өтті. Осы уақыт ішінде қаза болған жандардың туыстары сияқты біз де жоғалған құтқарушыларды табамыз деген үмітте болдық", - деді аймақ басшысы. 

Облыс әкімі жоғалған адамдарды табу үшін күндіз-түні жұмыс істеген барлық жанға алғыс айтты. 

Еске салайық, бұған дейін апаттан жер астына түсіп кеткен автобустың табылғанын хабарлаған едік.