Bugin
Фото: freepik.com
Құтқарушылар алматылықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 26 шілде күні сағат 10.00-де Алматыда жер сілкінісі болған жағдайда халықты хабардар ету үшін командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
"Премьер-министрдің орынбасары Қ.А. Бозымбаевтың 2024 жылғы 13 мамырдағы тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласы ТЖ Департаменті 26 шілде күні сағат 10.00-де жер сілкінісі туындаған жағдайда Алматы қаласының тұрғындарын хабардар ету бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығу (КШОЖ) өткізеді", - делінген хабарламада.
Ведомсвто мәліметінше, құлақтандыру жүйесін тексеру барысында техникалық ескерту жүйесінің құралдары (сирена қондырғылары, телерадиоканал арқылы және мобильді жүктемелер) қысқа уақытқа қосылады.