Bugin
Фото: freepik.com
Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасына өзіне келген хаттың бірін жариялады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Хат авторы адвокаттан және оның оқырмандарынан көмек сұраған. Оның айтуынша, жігітін 2-3 жігіт зорлап кеткен.
"Ажырасқанмын. Ұлым бар. Екінші рет тұрмысқа шығайын деп жатырмын. Айтайын дегенім, жігітімді 2-3 жігіт зорлаған. Анасы жоқ. Әкесі өгей шешесімен кеткен. Жалтақтап қалған. Менен мейірім іздейді", - деп жазылған хатта.
Желі қолданушыларының көбі келіншектің бұл жігітке тұрмысқа шықпауын өтінген.