Bugin

“Қолыма сым тықты”: атышулы ток-шоуда көз жасын төккен келіншек жан сырын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Атышулы ток-шоуда күйеуімен табысуды қаламаған келіншек Qazaq Airan YouTube арнасына сұхбат берді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Гүлмира Смайылды 19 жасында бір көрген жігіті алып қашқан. 

"19 жасымда алып қашты. Әжелер алдыңа жатып алады. Жеңгеміз ортаға түсті. "Қал, бәріміз осылай келгенбіз" деді. Қалдым. Ол үйленбей тұрып ішеді екен. Ішіп бастады. Шыдап жүрдім. Бірінші қызымды босанғаннан кейін қолыма сым тықты. Енемнің қолында тұратын едік", - деді келіншек. 

Гүлмира Смайыл ұрыс-керіс кезінде енесінің еш ажыратпайтынын айтты.