Bugin

“Жігіт қаза болды”: алып қашудан қашқан қыз аяғынан айырылған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Qazaq Airan YouTube арнасында алып қашу құрбаны бола жаздаған келіншек жан сырын ақтарды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Алтынай Құрманованы 23 жасында танымайтын жігіт алып қашқан. 

"Ол жігітті мүлдем көрмегенмін. Сол күні құрбым отырысқа шақырды. Әлгі жігіт құрбымның жігітінің досы екен. Сол жерде көріп ұнатқан. Кейін ол мені үйіме алып баратын болды. Біздің ауылға жетпей көлікті тоқтатты. "Мен сені алып қашып бара жатырмын" деді. Мен оның есімін ғана білетінмін. Кейін қатты қорқып, мен қаша жөнелдім. Жолдың келесі бетіне жүгіріп өтіп жатқанда көлік қақты. Бірінші мені, кейін әлгі жігітті қақты. Ол жігіт сол жерде қаза болды. Ал мен бір аяғымнан айырылдым", - деді келіншек.

Алтынай Құрманова аяғынан айырылуын "тағдырдың жазғаны" дейді.