Bugin

Бәрі әйелдер: Сотталған бухгалтерлердің арасында 2 айлық баласы бар ана да болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Қоғам белсендісі Сандуғаш Дүйсенова 21 бухгалтерге сот үкімі шыққанда бассыздықтар орын алғанын айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан арнасындағы  "Жедел түсірілім" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Еске салайық, қомақты қаражат жымқырған 21 бухгалтерге сот үкімі шыққанын хабарлаған едік. Түрмеге тоғытылған 20 бухгалтер қоғам белсендісінен көмек сұраған. Олар тергеу барысында заңсыздықтар орын алғанын айтқан. 

"21 адам сотталуы керек еді. 1 адам тергеу басталмай тұрып, жүрегі тоқтап, қаза болды. Сотқа бардым. Атмосфера өте ауыр болды. Бухгалтерлер ақша жымқырғанымен, олар "ана" ғой. Кім жолдан таймайды?", - деді қоғам белсендісі.

Сотталғандар арасында 2 айлық сәбиі бар бухгалтер болған.

"Алдымнан 12 жастағы қыз жүгіріп шықты. "Мына сәбиді кім емізеді?" дейді. "Анам сотталып кетті" деді. Судья өзінің ішкі түйсігімен шешім шығара алады. Бала 14 жасқа толмаса, жазаны 7 жылға шегере алады", - деді Сандуғаш Дүйсенова.

Қоғам белсендісі судьяның қатігездік жасағанын айтты.