Bugin
Фото: Пахшан Азизи
Иранда күрд журналисі және құқық қорғаушы өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Пахшан Азизи есімді БАҚ өкіліне "үкіметке қарсы қарулы көтеріліске шыққан ереуілшілер тобының құрамында болды" деген айып тағылғаны анықталды. Мұндай үкімді журналистке Иран Ислам революциясы сотының Тегерандағы 26-бөлімі шығарған.
Шетелдік БАҚ-та Азизидің күрд әйелі ретінде көрген қиындықтарын сипаттап, қамауда отырғанда бірнеше рет азапталып, қорлық көргені айтылған хаты жарияланғаны белгілі болды. Әйелдің айтуынша, жауап алу кезінде оны асып қойып, кейде 10 метр тереңдіктегі жерге көміп тастаған. Ол бес ай бойы жалғыз камераға қамалып, аштық жариялаған болып шықты.