Bugin
Фото: sport.express
Қазақстанның бірінші және әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Париждегі Олимпиадасында бой көрсетпейтін болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ракеткашы Рыбакина Олимпиада барысында жеке және жұптық сайыстарда өнер көрсетуі керек еді. Алайда ол сырқаттанып қалған.
"Қазір Елена өткір бронхитпен ауырып жүр, дәрігерлер оған кортқа шығуға ғана емес, жарыстарға ұшып барып-келуге үзілді-кесілді тыйым салды", – делінген Қазақстан теннис федерациясының хабарламасында.