Bugin

Танымал әнші желідегі видеосы үшін сынның астында қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ұланғасыр Қами парақшасынан

Ішкі істер министрлігі әнші Ұланғасыр Қамиевтің мәлімдемесін тексереді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Балқия" сынды той әндерімен танымал Ұланғасыр Қами желідегі парақшасында:

 "Күйеуі әйелін өлтіріп қойды дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталған шаруа. Ұстаздар баяғыдан айтып келе жатыр, ондай оқиғалар көп негізі. Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады, одан соң біреу оған қызығады, оны күйеуі естіп, өлтіріп қояды. "Хиджаб арабтікі, неге адасасыздар, оның бәрін шешеді бір күні" дейді. Шешпейді. Шын түсінген әйел басын кесіп алса да шешпейді. Көп айтпай-ақ қояйын. Ешкімде менің шаруам жоқ. Мен ертең әйеліме кигіземін. Басқалары кигізе ме, шешіндіре ме, шаруам жоқ. Өзімдікіне кигіземін, бұған көнетін әйел аламын, көнбесе алмаймын. Бастысы оның не үшін керек екенін түсініп тұрмын және оны түсінетін әйел іздеймін", - дейді видеода Ұланғасыр Қами.

Әншінің бұл сөзі желі оқырмандарының шамына тиіп, резонанс тудырды. 

Тіпті Saida Kastaneda есімді Facebook қолданушысы әншінің сөздерін тексеруді сұрап Ішкі істер министрлігіне жүгінгенін мәлімдеді. 

 "Бүгін е-өтініш арқылы Ішкі істер министрлігіне Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес, әлеуметтік және гендерлік араздықты қоздырғаны, әйелдерге өшпенділік тудырғаны және әйелдерді/қыздарды күйеуінің, бұрынғы күйеуінің, жігіті мен туыс ер адамдарының қолынан зорлықпен өлтірілгенін және дене жарақатын алғанын ақтағаны үшін мәлімдемесін тексеруді сұрап арыз жаздым", - деді желі қолданушысы.