Bugin
Фото: freepik.com
Қарағандыдағы орман алқабынан жалғыз жүрген 7 жастағы қыз табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы "31 арна" телеарнасына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, Қарағандыдағы орман алқабынан үсті-басы кір-қожалақ, аш бала табылған. Қыз жалғыз өзі бірнеше шақырымды жүріп өткен. Бейтаныс адамдар оны тауып алып, полиция шақырған.
"Қыз атын айтқанда түсінбедік, ол 7 жаста екенін біледі, бірақ ол өз есімін анық айта алмады. Тілінде кемістік бар, ойын білдіргенде түсініксіз сөйлейді. Айтқан сөзі анық емес", - деді "Қорғау-Астана" дағдарыс орталығының жетекшісі Даяна Қазиева.
Полицейлер қызды "Шанс"орталығына жеткізді. Қызметкерлердің айтуынша, бүлдіршіннің дамуында ақау бар.