Bugin

Астанада танымал әзілкеш ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Танымал стендапер Александр Меркуль 10 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Аталған ақпарат астаналық стендапер Әділ Айшуақов пен Sun Project стендап-клубының инстаграм желісіндегі парақшасында жарияланды.

"Достар, көпшілікке танымал әзілкеш, стендапер және біздің Sun Project жобамыздың негізін қалаушылардың бірі Александр Меркуль уақытша ұстау изоляторына 10 тәулікке қамалды. Тиісінше ол байланысқа шықпайды. Оқиғаның әрі қарай қалай өрбитінін күтеміз. Бекем бол", - делінген жазбада.

Стендаперге қатысты мәліметті Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты растады.