Bugin

25, 26 жас: Мас күйдегі полицей ерлі-зайыптыларды қағып, мерт қылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Ақтөбеде масаң күйде көлік жүргізген полицей ерлі-зайыптыларды мерт қылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

34 жастағы полиция қызметкері рульге ие бола алмай, екі адамды қағып кеткен. 25 және 26 жастағы ерлі-зайыптылар оқиға орнында қаза тапқан.

Жол апатына кінәлі адам қамауға алынып, қызметкердің басшысымен бірге барлығы 7 қызметкер жұмысынан босатылды.