Bugin
Фото: Ақмола облыстық ПД
Ақмола облысында екі тәулік бұрын жоғалып кеткен әжей аман-есен табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
23 шілде күні кешкі 20:25 шамасында Финченко Любовь Ивановнаның жоғалғандығы туралы Целиноград аудандық полиция бөліміне қызы хабарлап айтқан.
"25 шілде күні сағат 16:00 шамасында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері зейнеткерді Астана маңындағы өндірістік базаның аумағынан тапты. Қария онда қалай жеткенін өзі білмейді. Тоңғанда құмда жылынған. Қазіргі кезде оның жағдайы қанағаттанарлық", - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары қарияны Есіл аудандық ауруханасына жеткізді.