Bugin
Фото: freepik.com
Әлеуметтік желіде Астанадағы аулалардың бірінен әйелдің мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиғаға көршілері куә болған.
"Мен 1990 жылғы әйелдің балконнан секіргеніне куә болдым. Бес баланың анасы, кішісі бір жаста. Күйеуі басқа қалаға кетіп қалып, онымен жанжал шыққан", - дейді тұрғын.
Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, әйелдің мәйіті полицияға тапсырылды.
"Оқиға орнына жедел медициналық бригада шақырылды. Медициналық топ келген кезде үйдің ауласынан әйелдің мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша, әйел жоғары қабаттан құлаған. Мәйіт полицияға тапсырылды", - делінген хабарламада.
Полиция бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалғанын хабарлады.