Bugin

Астанада Марат Әйтеновке қатысты сот отырысы өтіп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Шымкент қаласының экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің бұрынғы әйеліне зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталып отырған ағасы Марат Әйтеновке қатысты сот отырысы онлайн форматта өтіп жатыр, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.

2024 жылғы 12 шілде күні сағат 16:00 шамасында Әйтенов Марат 1 жыл бұрын сатылған, бірақ бұрынғы жұбайы Әтешова босатпай жүрген үйге сот шешімінің нәтижесін күтпей басып кірген. Қылмыстық ниетімен Әтешоваға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін жасай бастаған.

Судьяның айтуынша, сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша Әтешованың мойнын, денесін, аяқ-қолдарын және бөксесін көгерту сияқты дене жарақаттары анықталған.

"Оның шашынан жұлып, сүйреген жоқпын, керісінше құлап бара жатқан кезде басымен жерге соғылмас үшін қолымды қойдым", - деді Марат Әйтенов. 

Әйтенов экс-әйелі тағып отырған айыппен келісіп, кінәсін мойындады.

Еске салайық, бұған дейін белгілі адвокат Дана Әтешованың не үшін экс-күйеуін сотқа бергенін хабарлаған едік.