Bugin
Фото: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасында қола жүлдені иеленді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
66 келі салмақта белдескен қазақстандық балуан үшінші орын үшін белдесуде сербиялық Страхинья Бунчичті жеңді.
Қырғызбаев Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде испаниялық дзюдошы Дэвид Гарсиямен кездесіп, жеңген еді.
Кейін ол 1/8 финалда Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулдан, ал ширек финалда Олимпиада қожайыны – Франция құрамасының спортшысы Валид Кхярдан басым түскен еді.