Bugin

Синоптиктер халыққа ескерту жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: dzen.ru

"Қазгидромет" РМК 29 шілдеде еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Абай облысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстағы жел 15-20 м/с құрайды.

Ал Ақмола облысында екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақтөбе облысында да найзағай күтіледі. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, жел соғады. 

Атырау облысында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. 

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады. Күндіз облыста күн қатты ысиды.

Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. 

Шымкентте төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. 

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі.