Bugin
Фото: abiba48
Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасының қола медалін ала алмай қалды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасында 5-орын алды. Қазақстандықтар Әбиба Әбужақыноваға қолдау білдірді. Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында халқына арнап жазба жариялады.
"Мені қолдап, жүлдесіз қалғаныма қарамастан жылы лебіздеріңізді арнап жатқандарыңызға рақмет! Мен бұл күнді ұзақ күткен едім. Қазақстан әйелдер дзюдосының тарихын жаңартуға бар күшімді салғаныммен, өзім ойлағандай нәтижеге қол жеткізе алмадым...", - деп жазды спортшы.
Әбиба Әбужақынова халықтан кешірім сұрады.
"Маған сенген баршаңыздың үміттеріңізді ақтай алмағаным үшін кешірім сұраймын! Мен мұнымен тоқтап қалмаймын! Мықты болып ораламын!", - делінген жазбада.
Қазақстандықтар спортшы қыздың намысшыл екеніне тәнті болды.