Bugin

3 жаста: Алматыда 13-қабаттан құлаған бала көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Алматыда кішкентай бала терезеден құлап, көз жұмды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Оқиға туралы ақпаратты  cmn_kz инстаграм парақшасы жариялады. Пост авторларының айтуынша, 3 жастағы бала 13-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Қайғылы оқиға "Арай" тұрғын үй кешенінің маңында болған.

"Тұрғын үй кешенінің тұрғындары мен өтіп бара жатқандар қайғылы жағдайдың куәгері болды. Өкініштісі, үш жасар бала аман қалмады", - делінген жазбада. 

Дәрігерлер баланы аман алып қала алмағанын мәлімдеді.