Bugin

Олимпиада жаңалықтары: бокстан бапкер жүрек талмасынан көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: balthazar.ru

Париж Олимпиадасы кезінде бокстан бапкер көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бокстан Самоа құрамасының бапкері Лиональ Элика Фатупайто Парижде Олимпиада қалашығында қайтыс болды. Қайғылы оқиға 26 шілде күні болған. 

60 жастағы бапкердің кенет денсаулығы нашарлап, ақырында жүрек талмасы ұстаған. Дәрігерлер оны аман алып қала алмаапты.

Самоа құрамасы сапында Париж рингіне бір ғана боксшы,  81 келіде жұдырықтасатын Ато Плодзицки шығады.