Bugin

Көпбалалы отбасы: Атырауда үш жасар баланы фонтанның сорғышы тартып әкетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

26 шілде күні Атырау облысында 3 жастағы баланы фонтанның сорғысы тартып алған. Салдарынан бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 26 шілде күні сағат 17:50-де болған. Полицейлердің ақпаратынша, Әйтеке би көшесіндегі фонтанның ішіндегі айналмалы сорғыға 2021 жылы туған баланың аяғы тартылып, салдарынан бала көз жұмған. 

“Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, толықтай тергеу жүргізіліп жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - делінген полиция хабарламасында.

3 жастағы бүлдіршін көпбалалы отбасыда тәрбиеленген. Ол – алты баланың төртіншісі. Қазір ұл-қыздарын анасы жалғыз тәрбиелеп отыр. Атыраулық еріктілер бұл отбасымен тығыз байланыста.