Bugin
Фото: freepik.com
Желіде Қостанайда үш бала 5 жастағы қызды зорлағаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. Бұл деректі Massaget.kz тілшісіне Қостанай облыстық Полиция департаменті растады.
Алдын ала мәлімет бойынша, 8, 12, 13 жастағы ұл балалар 5 жастағы қызды зорлаған.
Қыздың анасының айтуынша, балалар қыздың үнін шығармау үшін ойыншық салынған қап беріп, алдаған.
Қостанай облыстық Полиция департаменті кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекет дерегі бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады.
"Сотқа дейінгі тергеу барысында үш бала анықталды. Күдіктілердің жасына жетпеуіне байланысты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін бұлтартпау шарасы қабылданбады. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша тиісті процестік шешім қабылданады", - делінген хабарламада.
Полиция іс бойынша барлық қажет тергеу әрекеті жүргізілетінін айтты.