Bugin
Фото: инстаграм @daulet_mukayev
Күні кеше Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаевтың анасы өмірден озды. Депутат әлеуметтік желідегі парақшасында анасына әсерлі жазба арнады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Анашым, маматайым, мама! Соңына дейін сендік қой, бәрі жақсы болып кететініне...Біз бәріміз бірге дертпен күрестік, бірақ бұл дерт (аутоиммундық ауру) бізден де күшті болып шықты. Ауру жайлы кейін тағы айтармын. Себебі үлкен зерттеуді қажет етеді, сирек кездесетін ауру. Елде емдеу хаттамасы да жоқ. Жас болашақ дәрігерлер отандық медицина үшін үлес қосулары қажет", - деп жазды депутат.
Дәулет Мұқаев анасы ауруханада жатқан кезді еске алды.
"Анам ауруханаға жатқан күн 27 мамыр, көктем еді. 60 күн бойы ауруханада жатып, бір емес үш рет реанимацияға түсу деген қиынның қиыны. Жүрекке де, жанға да, миға да оңай емес. Анам ауырып жатқанын ешкімге айтпауды өтінді. Тек жақындары білдік. Сіздердің алдарыңызда менің жүзім күліп жүргенімен, жүрегім елжіреп, жылап жүрді", - делінген жазбада.
Депутат іштегі өксігі тек өзіне және бір Аллаға аян екенін айтты.