Bugin
Фото: freepik.com
Тәжікстан Ислам орталығының ғұламалар кеңесі әйелдерге ұлттық мәдениет пен дінге жат киім киюден бас тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Кеңестің жаңа пәтуасы бойынша, тәжік ұлттық киімі "Ханафи мәзһабы талаптарына толық сәйкес келеді" делінген. Енді әйелдер хиджабтан бөлек, дене бітімін айқындайтын және қара түсті киімдер мен дене бөлігі көрінетін киім киюге болмайды.
Пәтуаға сәйкес, әйелдер киімі ежелгі заманнан бері тәжік әйелдері киетін орамал, жейде мен белдемшеден тұруы керек.