Bugin
Фото: инстаграм @nurbol_nursagatov
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов танымал мессенджерде алаяқтар оның атынан хабарламалар жіберіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы қала әкімінің инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Интернет-алаяқтар WhatsApp мессенджерінде әкімнің атынан түрлі хабарламалар таратып жатыр.
"Менің фотосуретім қойылған жасырын номердегі хабарламаға сеніп ақша аудармауды, қоңырауға жауап бермеуді, күмәнді сілтемелерді ашпауды сұраймын. Барлық хабарламалар өзімнің жеке телефонымнан және ресми аккауынтымнан жіберіледі" - деді Нұрбол Нұрсағатов.
Семей әкімі барлық нақты хабарламаларды жеке телефоны мен ресми аккаунтынан жіберетінін атап өтті.